Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚАСИЕТТІ АЙ – ҚАЙЫРЛЫ АЙ!

0 1  539

14-маусым. Астана. /SUNNA.KZ/ – Айт мейрамы қарсаңында, 110 отбасына қайырымдылық көкмек көрсетілді.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасы бойынша, төрт бағыттың бірі – көмекке мұқтаж азаматарға қайырымдылық жасау болатын. Осы мақсатта еліміздің басты мешіттерінде жыл сайын Айт мейрамында айттық таратылады. Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті де бұл шарадаға өз үлес қосып келеді. Айт мейремынан күн бұрын азық-түлігін алған отбасыларға мерекеге деген дайындық ретінде таратуды жөн көрді.

Рамазан – жақсылық пен ізгіліктің айы. Сондықтан да бұл ай мұсылман адамның барынша жақсылық жасауға, басқаларды қуандырып, сауапты амалдарды көбейтетін ай.  Осыны xалыққа сезіндіру, қоғамның жүгін жеңілдету мақсатында Бас имам Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен және мешіт қызметкерлерінің атсалысуымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде 110 отбасына бағытталған қайырымдылық шарасы өткізілді.

Мешітіміздегі қайырымдылық шаралардың үнемі басы-қасында жүретін наиб имам Әділ Агитаев жиналған жұртшылыққа Айт мейрамы жайында және бұл шараның мән-мақсатын түсіндіре келе жұртшылықты Айт мейрамдарымен құттықтады. Іс-шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар және жалғыз басты аналар мен мүгедек жандарға  түрлі азық-түлік таратылды.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.