Take a fresh look at your lifestyle.

«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІ 130 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ (фото)

0 236

27-тамыз. Астана. Sunna.kz – Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өткізілді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, еліміздің барлық өлкелерінде жыл сайын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді.

Аталмыш игі шарадан Елорда мешіттері де тыс қалмады. Астана Өкілдігінің тапсырмасы аясында бас шаһардағы басты мешіттерде акция өз жалғасын табуда.

Осындай қайырымдалық акциялардың бірі бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де өткізіліп, мұқтаж отбасылар баласын жаңа оқу жылына дайындады. 

Үрдіске айналған қайырымдылық акциясы аясында Астана қаласы, Байқоңыр ауданы (жаңадан ашылған аудан) бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың және  жалғыз басты аналардың бүлдіршіндері сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларға материалдық қолдау көрсетілді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіннің Бас имамы Жұманазар Садырханов бүлдіршіндерді алда келе жатқан Құрбан айт мерекесі және Білім күнімен құттықтап, Бас мүфтидің бастамаcымен іске асырылып жатқан игі шараның маңыздылығына тоқталып өтті. 

Акция барысында Байқоңыр ауданында тұратын 130 оқушыға тиісті оқу құрал-жабдықтары мен мектеп сөмкесі және әр оқушыға 5000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Осының нәтижесінде қамқорлыққа мұқтаж көптеген балалар жаңа оқу жылына даярлықпен баратын болды.

Осылайша, Арқа төсіндегі ажарлы мешітте жылдағы үрдіс бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өз жалғасын тапты.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.