Take a fresh look at your lifestyle.

«С.Ғылмани» мешіті шәкірттерге сертификат табыстады

0 362

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде діни сауат ашу курсының шәкірттеріне сертификат табыс етілді.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен, мешітімізде жыл бойы ақсақалдар, оқушылар, әйелдер жамағаты және күндізгі, кешкі ересектерге арналған аптаның әр күндерінде (бекітілген кесте бойынша) дәрістер жүргізіліп келеді. Осыған орай бүгін, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, биылғы жылы діни сауат ашу курсының оқу бағдарламасын үздік оқып, Құранға түскен 165 шәкіртке арнайы сертификат табыс етілді. 

Сертификат табыстау рәсімінде бір жылдық діни сауат ашу курсын толық бітіріп, Құранға түскен шәкірттерге табысталады.

Аталмыш шарада «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Серікбол Хаман жиылған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, білім үйренудің маңыздылығына тоқталды. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім ізде» деген Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетіне сай асыл уақыттарын босқа өткізбей, әрбір әрпі сауапқа тұнған қасиетті Құран жаттауға арнаған шәкірттер қауымына өз алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Бұдан бөлек, мешіт ұзтаздары мен наиб имамдарының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында түрлі білім жарыстары мен спорттық ойындар ұйымдастырылып, ынтымақ пен бірлікке ұйысқан жамағат қалыптастыру жолында іргелі істер атқарылып келеді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.