Take a fresh look at your lifestyle.

Бас мүфти Елорда жұртшылығына ауызашар берді (ФОТО+ВИДЕО)

0 208
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан ауызашар беріліп, 600-ге жуық жан берекелі дастарханның құрметті қонағы болды. Сауапты кешке ел тізгінін ұстаған азаматтар мен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мұсылман мемлекетінің елшілері, өнер және қоғам қайраткерлері, еліміздегі БАҚ және телеарна төрағалары, Қарттар үйі мен Балалар үйі, Зағиптар орталығынан арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты.

Ақшам уақыты кіргенін сүйіншілеген азан дауысымен басталған берекелі кештің шымылдығы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың батасымен ашылды. ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы жамағатқа уағыз айтып, ізгі тілегін арнады.

Қасиетті рамазан айының қадірін насихаттаған берекелі кеш барысында қонақтар уағыз-насихатқа қанығып, тағылымды терме тыңдап, қазақы қара өлеңге құлақ түрді. Мейрамхана ішіне арнайы қойылған LED экрандардан ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет» телерадиостудиясы әзірлеген рамазан айы жайындағы бейнероликтер көрсетіліп, қонақтардың бұл кештен рухани азықтанып қайтуына да септігін тигізді.

Берекелі дастархан басында бас қосқан жамағат алдында сөз алған халқымыздың көрнекті жазушылары – Әкім Тарази мен Төлен Әбдік, Түркияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уянык жиналған қауымды қасиетті аймен құттықтап, игі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы мен белгілі ғалым Ғарифолла Есім жүрекжарды құттықтау сөздерін жолдады.

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы «Рамазанмен қоштасу» өлеңін оқып, жамағатты ізгілікке үндеді. Терме-толғаулар да орындалды.

Рухани кеште қасиетті Құран аяттары оқылып, қария батасымен қайырылған ауызашар дастарханы шақырылған қонақтардың шынайы алғысымен аяқталды.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.