Take a fresh look at your lifestyle.

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ (фото)

0 296

31-мамыр. /SUNNA.KZ/ – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мұражайында еліміз үшін аса маңызды күндердің бірі – 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай,  боздақтарды еске алу шарасы өтті.

Бүгін – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және дін саласының қайраткерлері болды.

Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешіті жанындағы Ғылмани мұражайында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов пен мешіт ақсақалдары арнайы зиярат етті.

Музейдің жауапты қызметкері, дінтанушы, тарихшы Бақытхан Солтанбай мешіт ақсақалдарына тарихи мұралардың жай-жапсарын һәм Совет дәуіріндегі Ислам діні және дін қайраткерлерінің естелік мирастарын, мұражайдағы тарих қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігерлерді егжей-тегжейлі таныстырды.

Сәдуақас қажы Ғылмани Қазидың көзін көрген Сүйіндік ақсақал естеліктерімен бөлісе келе «Дін қызметкерлеріне, сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлматы еді. Аллаға шүкір тәуелсіздіке қол жеткізіп құлшылығымызды емін еркін жасаймыз. Ең бастысы еліміздің  ауызбіршілігі, халқының татулығы. Елдегі осындай тұрақтылық пен ынтамақтың мықты болуы  қазақ халқының тектілігінде жатыр» деді.

Мешіт жанындағы шағын мұражайдың тыныс-тіршілігімен танысқан ақсақалдар Садуақас қажыға арнайы дұға жасады.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.