Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ЖАНАЗА РӘСІМДЕРІН БІРІЗДІЛІККЕ ТҮСІРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

0 757

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Алматы орталық мешітінде қала имамдарына арналған бір күндік семинар өтті.

Семинардың мақсаты – ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша жаназа рәсімдерін бірізділікке түсіру. Семинарда бас имам Нұрбек қажы Ауесханұлы сөз сөйлеп, барлық жерде аталмыш рәсімнің бірдей өтуінің пайдасын атап өтті.

Жиналған имамдарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы ұстаз дәріс оқыды. Дәріс бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы бойынша жүргізілді.

Сонымен қатар имамдар «Рухани жаңару» орталығының директоры Алмас Бекболатұлының «Шешендік өнер» дәрісін де тыңдады.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.