Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

НЕ АДАЛ, НЕ МЫҚТЫ?

0 3  831

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Жанқұтты Ботантайұлы 1810 жылы қазіргі Қарағанды облысындағы Ақсу-Аюлы ауданының күнбатыс жағында Аюлы тауының баурайында дүниеге келген. Жанқұтты өткір сөзді, от ауызды, орақ тілді шешен болған. Жанқұтты шешен он жеті жасында әкесінің айтуымен Сарым елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға келеді. Би Жанқұттының жайын сұрап білгеннен кейін:

– Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? – деп сұрайды. Сонда Жанқұтты:

– Адал болсаң, судай бол,

Су арамды кетіреді.

Мықты болсаң, жердей бол,

Жер жаһанды көтереді, – деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай би бала Жанқұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:

Аллаға жағам десең – азанды бол,

Ағайынға жағам десең – қазанды бол.

Халқыңа жағам десең – әділ бол,

Судай таза бол,

Жердей берік бол.

Өмірің ұзақ болсын,

Аймағың суат болсын.

Сөзің халқыңа қуат болсын, – деп батасын беріп аттандырған екен.

Sunna.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.