Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Футболдан мешіт командалары арасында жарыс өтті

0 1  493

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, Астана мешіттерінің қызметкерлері мен жамағаттарынан құралған командалар арасында футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды ummet.kz порталы

Астана қаласы Теміржолшылар кенті «әс-Сәлам» мешіті жанындағы спорт алаңында «Ел жүрегі – Астана» атты футбол жарысына өкілдікке қарасты мешіт имамдары, мешіт жамағатынан құралған 9 команда қатысты.

Мерекелік жарысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі Жастар бөлімінің қолдауымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» және «әс-Сәлам» мешіттері ұйымдастырды.

Жарыс нәтижесінде І орынды «Шейх Кунта қажы» мешітінің «Арландар» командасы иеленді. Ал, ІІ орынды «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің «Сарыарқа» командасы, ІІІ орынды «әл-Ғани» мешітінен жасақталған «әл-Ғани» командасы жеңіп алды. І орынға 50,000 тг және кубок табыс етілді. ІІ, ІІІ орынға бағалы бұйымдар сыйлыққа берілді.

Сондай-ақ, үздік шабуылшы Аймақанов Нұрлан («Әзірет Сұлтан» мешіті), үздік қорғаушы Әлмен Нұрсұлтан («әс-Сәлам» мешіті), үздік қақпашы Досмағамбетов Нариман («Ырыскелді қажы» мешіті) қатарлы ойыншылар арнайы дипломдармен марапатталды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.