Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада құрбандық шалуға арналған орындар

0 535

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Құрбан айт мейрамын атап өту осы жылдың 21 тамызы күні елорданың барлық 9 мешітінде мерекелік Айт намазынан (басталуы сағат 7:00) бастау алады. 23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады. Қазіргі таңда Астана қаласында негізгі құрбандық шалу орындары бекітілді:

Алматы ауданы: “Метро” сауда үйі (Астана-Қарағанды т/ж)

Байқоңыр ауданы: “Нұрбереке-555” ЖШС, Алаш шоссесі, 30 (“Көк Базар” базарының арты), “Есжанова А” ЖК, “Жайлау”, Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, “Шаушен” ШҚ, “Астана-Павлодар” т/ж, 9 км, “Темеш” ШҚ, Астана – Софиевка т/ж 7 км

Есіл ауданы: “Алтын-Таға” базары, Қосшы кентінің маңы

Сарыарқа ауданы: “Ұлжан” әмбебап базары, (бұрынғы “Саянұр” базары)

Сонымен қатар, “Құрбан айт” мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы “2288” Call-center жұмыс жасайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын ресми түрде мәлімдеді. Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.

Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.