Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.Ғылмани» мешітінде алдын ала айттық таратылды (фото)

0 1  387

20-тамыз. Астана. SUNNA.KZ –  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде алда келе жатқан қасиетті Құрбан айтқа дайындық жұмыстары басталды.

Күллі мұсылман қауымның айтулы мейрамдарының бірі – Құрбан айтта келіп жетті. Еліміздегі барлық Ислам орталықтарында ғана емес жалпы момын жұртшылықтың көңіл-күйінде мерекелік шаттық біліне бастады.

Осындай мерекенің алғашқы ілегі Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де бастау алды. Қасиетті Құрбан айт мейрамы қарсаңында, кейбір әлеуметтік жағадайы төмен отбасылар мереке кезінде тамақ, ас-судан таршылық көрмесін деген ізгі ниетпен, мешітіміздің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен және ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторына қарасты «С.Ғылмани» мешіті жанынан құрылған «Аналар» мекебінің демушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты һәм көп балалы аналардан құралған 40 отбасына азық-түлікпен алдын ала айттық көмек таратылды.

Ізгі шараға жиналған жұртшылыққа «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Әділ Сахиұлы қасиетті Құрбан мейрамы жайында салихалы сөзді сөйледі. Және  шараға мешітіміздің әйелдер-қыздар жамағатының ұлағатты ұстазы Әлия Аусағатова апай да белсенді атсалысып, аталмыш азаматтарға  айттық сыйлықтарын таратты. Олжалы болған ағайын, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.