Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН “БЕС ҮГІТ” НЕ ЕКЕН?

0 1  705

ҚМДБ аясында «Ислам және отбасы» жылы болып жарияланғаны мәлім, осынау игі бастаманың негізінде, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен «Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі» атты кітабынан арнайы дәріс өз жалғасын табуда.  Аталмыш дәрісті әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова жүргізеді. Дәріс барысында әйелдерге арналған «Бес үгіт» тақырыбы жайында айтылды. 

(Дәрісте айтылған хадистің жазбаша нұсқасысы төменде көрсетілген.)

Мағынасы:
Әбу Һұpaйpaдaн (p.a.) риуаят етілген хадисте ХазіретіПайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Мына сөздерді амалғаасыру үшін немесе мұнымен амал жасайтындарға үйрету үшінкім алады?» – деп сұрады: Әбу Һұрайра: Уа, Алланың Елшісі! Мен дедім. Сосын ол менің қолымнанұстап тұрып мына бес нәрсені санады:

1. Арам нәрселерден сақтан, адамдардың ішінде ең көпқұлшылық ететіндердің бірі боласың;

2. Аллаһтың саған берген нәрселеріне разы бол, адамдардыңішіндегі (көңіл түрғысынан) байы боласың;
З. Көршіңе жақсылық жаса, нағыз мұсылман боласың;
4. Өзіңнің жақсы көрген нәрселеріңді өзге адамдар үшін дежақсы көрер болсаң шынайы мұсылман боласың;
5. Көп күлме. Шектен тыс күлу жүректі өлтіреді, қатайтады(Тирмизи, Зүһд 2)
Хадиске түсініктеме:
Адамзат баласы Алланы танып Оған құлшылық ету үшінжаратылған. Адам жаратылысы өзге жаратылыстарға мүлдеұқсамайды. Сондықтан адамның дүниедегі мақсаты да өзгешеболуы тиіс. Яғни, адам періште, жан-жануар және өсімдік секілдіт.б. жаратылыстың бірі. Бірақ періште секілді нұрдан жаратыл-мады, әрі жануар секілді ақылсыз еместігі тағы бар. Адам үшінөмір күрестен тұрады. Адам жоғарыға баспалдақпен көтеріледі.Өмірде сол баспалдақпен көтеріліп, ұшар шыңына шығатындарда бар. Бірақ, баспалдаққа аяқ баспай, сол қалпында тұратындарда кездеседі. Оны ұшар шыңға көтеретін Аллаһтың әмірінемойынсұнғандығы болса, оны бейшаралық халге түсіретінжағдай жаратушысына құлақ аспағандығы болып саналады.Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сендердің ауруларың менемдеріңді айтайын ба?» – деді. Сахабалар «иә», – десті. СондаХазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мұқият болыңдар! Сендердіңауруларың күнә істеуден болады. Ал, жазылатын емдерің Ұлы Жаратушыдан кешірім сұрап, жалбарынуларың» – деді. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Һұрайраның қолынан ұстап бестүрлі үгіт айту арқылы үмбетіне бес нәрсені үйретіп отыр:
1. Арам нәрселерден сақтан! Адамдардың ішінде ең көпқұлшылық ететіндердің бірі боласың. Ал адамдар арасындакөп құлшылық ететіндердің қатарынан орын алу үшін АллаһТағаланың тыйым салған нәрселерінен бойын аулақ ұстауыкерек. Өйткені, арам нәрселерден арылғанда амал дәптергеқайырлы әрі сауапты істер жазылады. Осылайша жұмаққа қарайжол басталады.
2. Аллаһтың саған берген нәрселеріне разы бол, адам-дардың ішіндегі (көңіл тұрғысынан) ең байы боласың. Мұндағы айтылған байлық мал-мүлік жағынан емес. ХазіретіПайғамбарымыз (с.а.у.) тағы бір хадисінде: «Байлық малдыңкөптігімен өлшенбейді. Нағыз байлық қөңілдің байлығы» – деген.Адам өз қолындағы мүлікке разы болып, өзгенің байлығына көзтікпеу керек. Олар сияқты бай болу өте оңай. Қанағат қарынтойғызар демекші, қолыңдағыға қанағат етсең жетіп жатыр.Қанша жесе де тоймайтын ол жануарлар ғана. Сондықтан бары-на шүкір еткен адамнан артық бай адам жоқ. Әрбір мұсылманәйел, күйеуінің алған (үйіндегі) бұйымы мен киім-кешегінеразы болып, байлыққа тоймайтын қанағатсыз адамның сөзінайтып шаңырақтың шырқын бұзбауы керек. Бұл тұрғыдамұсылмандар мына хадисті қағида ретінде ұстануы қажет: «Кұлшылық жөнінен өзіңнен жоғарыдағыларға, ал байлықжөнінен өзіңнен төмендегілерге қара».
3. Көршіңе жақсылық жаса, нағыз мұсылман боласың. Исламдіні қөршімен қалай қарым-қатынас жасау керектігін егжей-тегжейлі білдірген. Мұны Пайғамбарымыздың мына хадисіненұғамыз: «Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтір-се, көршісімен жақсы қарым-қатынаста болсын». Сондықтанмұсылман отбасылары осы жайтқа ерекше мән бергені жөн.Сондай-ақ батыстың жағымсыз қылықтары жайлап алған мыназаманда салт-дәстүрімізге көңіл бөлудің маңыздылығы да өтезор.4. Өзіңнің жақсы көрген нәрсеңді өзге адамдар үшін дежақсы көрер болсаң шынайы мұсылман боласың. Әбу Дәуіттің«Сунан» атты хадис кітабында былай делінген: «Қандай да бірмұсылман Хазіреті Пайғамбардың мына төрт хадисімен амалететін болса оған жеткілікті болады:
1) Әрбір амал тек қана ниетке байланысты. (Бұхари, Бәдул-Уаһи1: Мүслим. Ишара 155).
2) Адамның бос нәрселермен шұғылданбауы оның мұсылманекенін білдіреді. (Тирмизи, зуһд II).
3) Адал да арам да белгілі. Олардың арасында күмәндінәрселер бар. (Бұхари, Иман 39: Мүслим, Мишкат 127).
4) Кімде-кім өзінің жақсы көрген нәрсесін өзге мұсылмандарүшін де жақсы көрмесе толық иман келтірген болып саналмайды. (Бұхари, Иман 7: Мүслим, Иман 71-75).
5. Көп күлме. Шектен тыс күлу жүректі өлтіреді, қатайтады.Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) Әбу Һұрайраға үйреткен хадисі барша мұсылмандарға тән. Мұны әрбір мұсылман ер-әйелөз бойына сіңіріп, күнделікті тұрмысында қолдануы тиіс. Сон-дай-ақ осы хадис мұсылманның өмірлік принципінің қатарынажатады. Алла Тағала осы хадиспен амал жасауды баршамызғанәсіп етсін. (Әмин!)

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.