Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ҮЛКЕН ТУРНИР ӨТТІ (фото)

0 571

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүзеге асырылып келе жатқан басты бағытарының бірі – жастармен жұмыс және қуатты мұлсыман, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Осындай ізгі бастаманың негізінде Нұр-Сұлтан қаласы мешіттерінде оқу-ағарту, рухани-мәдени һәм жамағат бірлігін арттыру мақсатында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып келеді.

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, «Триатлон парк» спорт кешенінде Нұр-Сұлтан қаласы мешіттері арасында «Қуатты мұсылман – әлсіз мұсылманнан қайырлы» атты футболдан турнир өтті. Аталмыш турнирге он мешіт, «Ислам орталығы» және «Астана» медресінен  құралған 12 команда, (әр қайсысында 5 спортшы) барлығы 60 спортшының қатысуымен теңбіл доптан күштерін сынады. 70-ке жуық көрермен белсенді жанкүйер болып, доданың көрігін қыздыра түсті.

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының  КММ  басшысы Жапал Долиев, ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин және  басқа да құрметті қонақтар қатысып, сөз сөйледі.

Сондай-ақ, турнирден жүлделі болған командаларға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің бас имамы Нұрлан Рамазанов және наиб имамдар Серікбол Хаманұлы, Оңғар Хайридинов, Нұрсұлтан Шамшидин қатарлы имамдар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Турнир қорытындысы:

Бірнші орын (50 мың)

«Кунта қажы» мешіті «Батыр» командасы

Екінші орын (30 мың)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті «Сарыарқа» командасы

Үшінші орын (20 мың)

«Әзірет Сұлтан» мешіті «Сұлтан» командасы

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.