Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.Ғылмани» мешітінде сенбілік өтті (фото)

0 357

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

21-қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бүкілқалалық сенбілік аясында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде сенбілік өтті.

Бас қаланың ажарлы дидары – еліміздің мақтанышы. Елорданың тазалығы әрбір астаналық үшін маңызды. Бүгін қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен бас шаһарда бүкілқалалық сенбілік ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтанның тыныс-тіршілігіне қатысты игі шарадан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті де қалыс қалмады.

«Тазалық – иманның жартысы» дейді Пайғамбар өсиеті. Қоршаған ортадан жан тазалығына дейін аса маңыз беріп қарауды дініміз қуаттайды, шариғатымыз дәріптейді. Сондықтан да, мұндай дәстүрлі шараға мешіт қызметкерлері белсенді атсалысты. 

Жылдағы үрдіс бойынша имамдар бастаған, басқа да мешіт қызметкерлері мен мешіт жамамғаты жиылып, ауланы тазартып, жұма күндері жамағатымызға «жайнамазы» болған көгалдар мен тас кілемдердің ажарын ашып, құлшылық ордасының күзгі көркіне сән қосты. 

Іс-шараға мешіт имамдары, кезекші молдалар мен мешіт жамағаты қатысып, әсем қаламыздың таза да тартымды, көркем де көрікті болуы өз үлестерін қосты. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.