Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.Ғылмани» мешітінің ақсақал шәкірті өнегелі шара өткізді (фото)

0 475

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

4-желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде діни курстан жыл бойы дәріс алып жатқан ақсақал Танабай Әбділдаұлы игі іске мұрындық болды.

 ҚМДБ басты бағыттарының бірі оқу-ағарту жұмысы. Бұл ретте «С.Ғылмани» мешітінің елордадағы тарихи мешіт ретінде де алар орны еркеше. Жамағаты мол, шәкірттері белсенді мешіттердің бірі. Тарихи мешіт болғандықтан да бұл мешітте басқа мешіттерден қарағанда ақсақалды шәкірттер көптеп білім алуда. Сондай шәкірттердің бірі – білікті инженер болған, зейнеткер, бұл күнде сексенің сеңгіріне аяқ басқан Танабай ақсақал Атырау қаласына қоныс аударуына байланысты, көп жылдар бойы жамағат болып, діни білім алған мешітінде  дастарқан жайып, ұстаздары және дәрістес ақсақалдардың батасын алды.

Аталмыш шараға бас имам Бауыржан Есмахан және барша имамдар мен ұстаздар қатысты. Сондай-ақ бас имам ақсақалға мешіт атынан Құран кітап (QR код арқылы аудионұсқасы оқылады) және басқа да сый-сияпат көрсетіп, шығарып салды.

Мешіт ақсақалдары да қазақтың салты бойынша Танабай қарттың иығына шапан жауып, ізгі тілектерін өлең шумақтарымен жеткізді.

Сөз соңында көп жылғы көз үйір болған құлшылық ордасымен қимай қоштасқан Танабай ақсақал көңілі босап, көзіне де ерік берген сәтті – басқа да мешіт жамағаты мен мешіт қызметкерлері үшін ғибрат боп қала бермек.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.