Take a fresh look at your lifestyle.

Нұр-Сүлтан: Тігін үйірмесінің түлектері сертификатқа ие болды

0 101

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Алтын ине» тегін тігін үйірмесінің кезекті түлектері оқу курсын тәмамдап, арнайы сертификатқа ие болды.

Биыл қасиетті Рамазан айы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған тегін тігін курсы ашылған болатын. Шәкірттерді тігін өнерінің сырына қанықтырып, шеберлікке шынықтырған үйірме жетекшісі Салтанат Рахметова осы жолғы түлектердің де «Әйелдің базалық киімдерін пішу және құрастыру технологиясы» бойынша оқу бағдарламасын толығымен тәмамдағанын айтады. Үйірме шәкірттері арасында жасы жер ортадан асқан апалардан бастап, оқушы қыздар да бар.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев үйірме шәкірттерін қуанышымен құттықтады. Асыл дініміздің әйел затына деген айрықша құрметімен қатар, міндеті де бар екенін тілге тиек еткен наиб мүфти тігіншілік өнерін меңгеріп, бойына жақсы қасиеттерді жинауға тырысқан жамағатқа ризашылық білдірді. 

Шара аясында «Әзірет Сұлтан» мешінің ұстазы Динара Нұрғалиева да үйірме шәкірттерін құттықтап, мешіттің әйел жамағаты үшін жасалатын түрлі шаралар мен кездесулер, уағыз-насихат жұмыстары мен діни дәрістерден бөлек, арнайы семинар-тренингтер мен үйірмелер жұмысы да жалғасатынын жеткізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.