Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: Тыныштық аса маңызды

0 169

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр.

Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз. Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі.

Қадірлі бауырларым, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы. Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім.

Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған.

Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай. Әмин!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.