Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бір жасыңыз мың болсын

0 260

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Заман қадымда қазақ жұртында бір Жиренше шешен деген кісі өткен екен.

Сол замандағы хандардан бір хан Жиреншені сөйлетіп көремін деп шақыртты дейді. Сонда Жиренше шешен ханға кірген жерден:

– Бір жасыңыз мың болсын, – деген екен.

Хан бұл сөзін ұнатпай:

– Шешен кісіден де осындай орынға келмейтін артық сөз шығады екен, – депті.

Сонда Жиренше шешен айтты дейді:

– Құлдық тақсыр, құп айтасыз, адамның өзі мың жасамайды, артында аты қалса, аты мың жасайды. Екінші дүниеде бір қызық көрген дәурені, бір күннің өзі мың жылға тұратұғын қызық дәуренмен өтсін деп айтып едім, – депті.

Сонан соң хат бұл сөзін хош алып, арымас ат, тозбас тон берген екен. «Арымас ат, тозбас тон» дегеннің мәнісі өзіне бір орын беріп, қашан өлгенінше деп уәзипа тағайын қылған екен осы айтылған хикаяны тақуя үшін.

Материал Мәшһүр Жүсіп шығармаларынан алынды.

Sunna.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.