Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб имам – Әділ Агитаев

0 499

Агитаев Әділ Сахиұлы

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб-имамы

1970 жылы дүниеге келген.

Білімі:

1988 – 1990 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеді.

1991 – 1992 жылдары Жамбыл облысы Мерке медресесін бітірді;

1992 – 1994 жылдары Алматыдағы Ислам Институтын оқып, бітірді;

1993 – 1997 жылдары Алматыдағы Абай атындағы ҚҰПУ – дің «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша (сырттай) бітірді.

2015 – 2017 жылдары Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін «дінтану» мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

1994 – 2000 жылдары Алматы облысы Үйгентас ауданы Орталық мешітінде бас имам қызметін атқарған;

2000 – 2001 Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы болды;

2003 – 2005 жылдары Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылының мешітінде бас имам болып жұмыс істеді.

2006 – 2007 жылдары Алматы қаласы «Қыстаубайұлы Манас» мешітінде бас имам қызметін атқарған;

2008 – 2013 жылдары Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы «Сәметұлы Құмырбек» мешітінде бас имам болып жұмыс істеді;

2013 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы болып қызметін атқарады.

Отбасылық жағдайы: Үйленген, 7 баласы бар (3 ұл, 4 қыз)

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.