Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Д.Абаев: «Алғыс айту» күні – бірлік пен мейірімділік мерекесі

0 168

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

25 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында «Біз біргеміз!» бейнероликтер топтамасын жариялады, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бүгіннен бастап парақшамда «Біз біргеміз!» бейнероликтер топтамасын жариялаймын. Жобаны біздің министрлік «О.Ү.Media» продакшн-студиясымен бірге «Хабар» агенттігінің қатысуымен жасады. Бұл – қазақ өнері, әдебиеті, білім мен ауыл шаруашылығы саласындағы біртуар тұлғалар туралы көлемі шағын, алайда мәні терең дүниелер. Ол тұлғалардың барлығы да қазаққа өлшеусіз еңбек сіңіріп, «ұлттық кодтың» сақталуына, дамуына зор үлес қосқан өзге этнос өкілдері, — деп жазды министр.

Оның айтуынша, бейнероликтер Герольд Бельгер, Александр Затаевич, Александр Бараев, Нина Патрушева, Евгений Брусиловский және тағы да бірқатар қайраткердің оқиғаларын баяндайды.

Өздеріңіз білетіндей, «Алғыс айту» күні таяп қалды. Ол – бірлік пен мейірімділік мерекесі, Қазақстан халқының ортақ тарихымызға салауат айтып, келешекке ынтымақты аманат ететін мейрамы. Біз де осы жобамыз арқылы бабалар ерлігін балалар жадында жаңғыртуды және бүгінгі егемен елімізді құруға атсалысқан барлық жандарға алғыс айтуды мақсат еттік, — деді Дәурен Абаев.

Дорогие друзья!С сегодняшнего дня на своей странице я начну публиковать социальные видеоролики из цикла «Мы вместе!».Это проект, который наше министерство реализовало совместно с талантливой командой продакшн-студии «O.Y.Media» при участии Агентства «Хабар».Чему он посвящен?8 роликов – это небольшие, но очень ёмкие истории о видных деятелях казахского искусства, литературы, педагогики, сельского хозяйства… Все они внесли огромный вклад в развитие нашего национального кода, и все они представляют разные этносы.Это истории Герольда Бельгера, Александра Затаевича, Александра Бараева, Нины Патрушевой, Евгения Брусиловского и других.Близится День благодарности – это светлый праздник, символизирующий наше единение. И нашим проектом, приуроченным к этому дню, мы хотим сказать «спасибо» и почтить память тех людей, без которых сложно представить облик нашего независимого Казахстана.

Опубликовано Дауреном Абаевым Воскресенье, 23 февраля 2020 г.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.