Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Жусан» бойынша отанға оралған отбасылармен кездесті (ФОТО)

0 88

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

27 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жусан» операциясы арқылы елге оралған қыз-келіншектермен жүздесіп, Ораза айтқа арналған сый-сияпат ұсынды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти өз сөзінде Отаннан асқан аяулы мекен жоқ екенін еске салды.

«Біздің Отанымыз – Қазақстан. Шетелге шыққан сайын, елімізді сағынамыз. Қазақстан – біздің төлқұжатымыз. Алладан кейінгі қолдаушымыз да – осы Отан. Сіздерге көрсетіліп жатқан түрлі көмек – осы Отанның қамқорлығы, шарапаты. «Зекет» қорының бастамасымен өздеріңізге сый-сыяпат дайындадық. Алла сіздерге берік иман, отбасыларыңызға амандық берсін!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында «Зекет» қоры «Жусан» операциясы арқылы елге оралған 8 отбасыға азық-түлік және тұрмыстық заттар үлестірді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.