Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ «ИБРАХИМ АТА» КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

0 48

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

БАС МҮФТИ «ИБРАХИМ АТА» КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы ресми сапармен Шымкент қаласына келді.

Сапар аясында Бас мүфти алдымен сансыз бабтар мекені саналатын Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан «Ибрахим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерін зиярат етіп, бабалар рухына Құран бағыштады.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан  «Сайрам» мешіті жанынан салынып жатқан қыздарға арналған жеке қайырымдылық мекемесінің (медресе) құрылысымен танысты.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов Бас мүфтиге құрылыс барысы және аймақтағы мешітердің тыныс-тіршілігі мен өңірдегі діни ахуал туралы баяндады. 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.