Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: ОНЛАЙН МӘЖІЛІСТЕ 3 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ (ФОТО)

0 48

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

ҚМДБ: ОНЛАЙН МӘЖІЛІСТЕ 3 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті онлайн мәжілісі өтті. Жиналысқа наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен облыс бас имамдары қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, мешітті қайта ашу кезінде қойылатын талаптар, ақпарат кеңістігіндегі ҚМДБ жұмысы, «Уақып» қоры арқылы имамдарды қаржыландыру.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, жуырда өткен ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды. Ведомствоаралық комиссия елдегі оң жағдайды ескере келе, 31 тамыздан бастап бірқатар нысандардың қызметін қайта бастауға рұқсат берді. Оның ішінде діни объектілер де бар. Алла қаласа, 31 тамыздан бастап мешіттер қайта ашылады. Алайда біз босаңсуға жол бермей, мешіт ішінде санитарлық талаптардың сақталуына баса назар аударуымыз қажет» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы мешітке келетін жамағатқа қойылатын талаптар туралы атап өтті. Аталған талаптар ішінде намаз оқитын залдарда имамдар және намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүру, әлеуметтік арақашықтықты сақтау (кемінде 2 метр), мешіт кіреберісінде дене қызуын өлшету және арнайы антисептикпен қолды тазалау, мешітте қол алыспау, мешіт ішінде ұзақ уақыт қалмау, дене қызуы 37°-ден жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдар мешітке келмеуі керек. 

Мәжілісте ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы ақпарат кеңістігінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндама жасады. Мәжіліс соңында Бас мүфти бас имамдарға нақты тапсырмалар берді.  

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.