Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әскери бɵлiмше қызметкерлерiне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0 1  075

3 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы, дінтану ғылымының магистры Бауыржан Есмахан біліктілігімен білімділігін ұштастыра отырып түсiндiру жұмыстарын бастады.
28 тамыз Нұр-Сұлтан қаласының Дiни мəселелердi зерттеу орталығымен бiрге ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жалғастырды.
66.3Б нөмерлi əскери бɵлiмше қызметкерлерiмен және Отан алдында өз борышын ɵтеп жатқан азаматтармен кездестi. 
Кездесу барысында 120 қатысушыға ақпараттық материалдар берiліп, “Жат ағымдар”, “Мемлекеттiң конфессиялармен қарым-қатынасы” тақырыптарында түсінік берілді.
Сонымен бірге, дiни мəселелер бойынша iKomek-109 тiкелей желiсi жұмыс жасайтыны жеткiзiлдi.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.