Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт қызметкерлері марапатталды (ФОТО)

0 981

4 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің жылдық қорытынды есеп беру жиналысында бірқатар мешіт қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Шаһар бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жиналыста қала мешіттерінің 2020 жылы атқарылған іс-шаралар есебін тыңдалды. Есеп беру үлгісіне сәйкес мешіттердің қорытынды мәліметтері арнайы слайд ретінде экраннан көрсетіліп, жазбаша үлгісі тапсырылды.

Жиналыс соңы келесі жылғы жұмыс жоспарына байланысты ұсыныстар мен өтініштері тыңдауға ұласып, ортақ жобалар жайы сөз болды.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов биылғы жылдың жалпы есебін жариялап, кейбір бағыттар бойынша қала мешіттеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, өкілдік қызметкерлерінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын сараптай келіп, мешіт бас имамдары мен наиб имамдарына, өкілдіктің баспасөз саласындағы қызметкерлерге арнайы «Алғыс хат» табыстап, марапаттау рәсімін өткізді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінен бас имам Бауыржан Есмахан, мешіт ұстазы Нұриддин Кулер,  шаруашылық меңгерушісі Наград Жағыпаров, Sunna.kz сайтының редакторы Оразбек Сапархан арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.