Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құран Кәрімге байланысты әдептер

0 1  506

– Алла Тағала «Оны тек ерекше таза дәреті барлар ұстайды» деп Өзі айтқандай, тек кәміл дәретпен ұстау;

– Иісмай жағып, аузын мисуәктап алу. Өйкені, Язид ибн Әбу Мәлік рохматуллаһ ғаләйһ айтады: «Сіздердің ауыздарыңыз Құран Кәрімнің жолы, ендеше оны қолдан келгенше таза ұстаңыздар»;

– Кеудесін тік ұстап отыру, жамбастамау;

– Патшалардың құзырына кіретін секілді киімді де таңдап, көркем болып отыру. Өйткені, ол Раббісімен сөйлеседі (мұнажат етеді) ғой;

– Қыбылаға қарап отыру. Өйткені, Құран Кәрімді оқу өтке асқақ орын;

– Егер есіней қалса, аузын басып қираатты тоқтатуы тиіс. Өйткені есінеу лағин (лағнеті) шайтаннан;

– Құран оқуға кірісер кезде «Әғузу билләһи минаш-шәйтонир-ражим» деп айтып бастау;

– Құран оқып отырғанда біреудің сһөзіне алаңдап, өз қираатын тоқтатпау керек (үзірсіз болмаса, кей жағдайда болатын үзірлі жәйт біз бәндесіне көп кездесе береді ғой);

– Мағынасын ұғып, аят доқпен үркіте келген жерлеріндегі мәселелерге назар сала, асықпай баяу оқу. Егер қолынан келсе аяттың мәнісін бағамдауға әрекет жасай отыру (тәжуид қағидасына да зер салуы шарт. Өйткені тәжуид әр кісіге жеке парыз);

– Қирааты аяқталса, қари «содақоллаһул-ғазыйм» деп қоюы. Өйткені ол нені оқып жатқанын әйгілейтін шуамақ (ат оқыдым деген сөз);

– Лажы болса тәртіп ретімен оқу;

– Құран Кәрмді биік һәм таза жерге қою. Аят жазған кезде хатшы оның кей жазуына түкіріп емес, сумен өшіруі әдептілік (аятқа қалай түкіреді) және оның хатын емдік үшін ішіп қоюына болады немесе аяқ баспайтын таза жерге көмсін;

– Соң аят жазылған парақтарды тозып, түтіліп кеткен жағадайда өзге кітаптарының кей жерлеріне жамау етіп пайдаланбайды, бәлкім жазбаларын өшіріп тастайды;

– Құранға қарап оқуға әрекет ету, яғни, көзін Құранға қарау ақысынан махрұм етпеу. Хадисте Расуліміз соллаллоһу ғаләйһи уә сәлләм: «Көздеріңіздің ғибадаттан ақысын беріңіздер», – деген.

Сонда бір сахабалар: «Йә, Расулалла (соллаллоһу ғаләйһи уә сәлләм), оның ғибадаттан ақысы не?», – деп сұрасты. Сол кезде Хазіреті Расуліміз (с.ғ.с.): «Мусхафқа қарау, оны пікірлеу және оның ғажайып тұжырымдарынан ғибрат алу», – деп жауап берді.

Тағы бір хадисінде Нәби (с.ғ.с.): «Үммәтімнің ғибадатының ең абзалы – Құран Кәрімді бетіне қарап оқу» дейді.

– Дүниенің бірер ісімен аятты салғастырмау. Мысалы, біреу келіп қалса «Ей, Мұса, белгілі уақытта келдің» деген сықылды сөз айтпау (оның келуі мен аяттағы келу сөзін қабаттастырмау), қонақтарына аяттағы «ішіңдер, жеңдер» сөздері айтылған жерлерін қолданбау;

– Құранды пасықтар сықылды сайқы-мазақ өлеңге айналдырмау (хадисте аяттарды көркемдеп оқуға бұйрық бар. Демек, аяттың сөздерін сөзінің ырғағынан айнытпай оқу);

– Егер жазатындай болса, хатын көркемдеу;

– Құранға кішірткен, мүсіркеген секілді сөздерді тең көрмеу. Өйткені, мешіт пен Құранды ондай сөздермен айтуға тыйым салынған;

– Құранды мешіттерде жазған секілді жерге, қабырғаға немесе үйдің шатырына жазуға болмайды. Нәби (с.ғ.с.) жерге жазылған бір жазуды көріп, Һүзәйл тайпасынан бір жасөспірім балаға: «Мынау не?» деді. «Бұл Алланың кітабынан, бір яһуди жазды» деп жауап берді анау.

«Бұны қылған жанды Алла лағнет қылсын, Алла Тағаланың кітабын өз орнына қойыңдар», – деді екі әлемнің Мақтанышы (с.ғ.с.).

Омар Ибн Әбдул-Әзиз (р.а-һ) өз ұлының қабырғаға Құранның аятын жазып жатқанын көріп, жағынан бір тартып жіберді.

– Сосын Құранды хатым екен соң қайта бастап қою. Солай еткенде оны тастап кетіп жатқандай болмайды. Нәби (с.ғ.с.) Құранды хатым еткен соң тағы да бас жағынан бес аят мөлшерінде оқып қояды екен.

– Тағы да хатым қылған кісі өз жақындары мен бала-шағасын жинап, дұға қылуы тиіс. Өйткені сахабалар осылай жасаған (хадисте «әр хатымның соңында Алла қабыл ететін бір дұға бар» дейді);

– Жазғанда не оны ішірткі етіп ішкенде бір сырқатынан арылуды және бірер мұқтажының өтелуін ниет қылуы керек. Өйткені Алла Тағала оның ниетіне қарай береді;

– Егер тұмар сықылды етіп жазатын болса, оны тері сықылды нәрсемен орап, мұқият сақтау жағына да мән берілсін.

Абдолла ЖОЛДАС

«Құран Кәрімнің тәпсірі» кітабынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.