Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Орнына періште қажылық жасаған

0 1  494

Имам Малик ибн Динардың (Алла ол кісін рахыметіне алсын) айтқаны: «Бір жылы қажылыққа ниет етіп, ақша жинап қойдым.

Қажылыққа кетер алдын ауылмен қоштасып шығайын деген ниетпен аралап жүріп, қираған үйдің жанынан өтіп бара жатып, сол үйге кірген әйелді көрдім. Шығар да бірулерден жасырынғандай жан-жағына ұры көзбен қарап, өлген тауықты қолтығына қыстырып алып кетті. Маған не жасағалы жатқаны қызық көрініп, әйелдің соңынан қалмай жүріп отырдым. Есіктен үйне кіре бергенінде бірнеше аш-жалаңаш балалар алдынан жүгіріп шығып: «Анашым! Бізге жейтін бір нәрсе әкелдіңіз ба»,-деп сұрады. Анасы мұңлы дауыспен: «Йә, сендерге бір тауық алып келдім. Қазір пісіріп беремін жейсіңдер»,-деді. Бұл жайды көріп таң қалдым. Әлгі әйелдің не үшін бұлай істегенін білгім келді. Әйелдің үиіне жақын келіп, оған: «Қазір сенің артыңнан аңдып келдім. Өлген тауықты алғаныңды көрдім. Оны жеу күнәгой. Неге бұлай істедің?»,-дедім.

Ол: «Қаншы күннен бері нәр татқан жоқпыз. Үйде жейтін еш нәрсе қалмады. Көршіміз ет пісірген еді, сол еттің исі балаларымды мұңайтты. Сосын тапқаным осы болды»,-деді. Мұны естіп, жаным ашып, қажылыққа деп жинап қойған он мың дирхам ақшамды соған бердім.

Қажылар қажылықан қайтып жатқан уақытта солармен дидарласып қалайын деген ниетпен алдарынан шықтым. Мені қажылар көріп: «Қажылығың қабыл болсын. Сен қашан келдің? Біз сені Минада және Арафада көрген едік»,-деп жатыр. «Қызық, мен куфадамын ғой»,-дедім іштей таң қалып.

Солардың арасынан бір кісі келіп: «Сіз Малик ибн Динарсыз ба?»,-деп сұрады. «Иә!»,-дедім. Содан кейін ол: «Мына ақшаны санап алыңыз, сізге беруім керек болған аманат. Қажылықта шатырда отырған кезімде бір кісі келіп:

«Сіз Куфадансызба?»,-деді, мен: «Йә»,-дегенімде, «Куфаға барғанда мына амиянды Малик ибн Динарға берңізші?»,-деп кетіп қалды. Мен: «Ақшаны алып санап қарасам тура он мың дирхам.

Сол түні таңға жақын түсімде бір дауыс: «Сенің орныңа Періште қажылық жасады. Бұл дүниелік табысың, ахиреттегі табысың да сақтаулы»,-деген даусыты естідім.

ummet.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.