Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти сауд арабиясы елшісімен кездесті (ФОТО)

0 1  314

24 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Абдулазиз бен Абдулла әл-Даудпен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Саудия арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, әсіресе ұмра және қажылық кезінде ынтымақтаса жұмыс істеу, сонымен қатар діни татулық пен ұлтаралық келісімді нығайту жайлы әңгімелесті.

Абдулазиз бен Абдулла әл-Дауд биыл Сауд Арабиясы коронавирус індетінің кең таралуына байланысты қажылық және ұмраға арналған визаларды беруді бүкіл әлем бойынша тоқтатқанын, бұл шара корольдікке келетін әлемнің барлық мұсылмандарын қорғауға бағытталған уақытша амал екеніне тоқталды.

Басқосу барысында Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биыл мерейлі 30 жылдығын атап өткенін, осыған орай бірқатар маңызды жұмыстар атқарылғанын алға тартты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.