Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шынайы тәубе

0 1  549

Бір күні хазірет Омар (р.а.) Мәдина көшелерінің бірінде келе жатып, қойнына шиша тығып алған бір жас жігітті кезіктіреді. Әлгі жігіттен: «Қойныңдағы не?», – деп сұрайды.

Хазірет Омармен ұшырасам деп ойламаған әлгі жігіт қатты қысылғаннан: «Уа, Аллам, мені хазірет Омардың алдында масқара ете гөрме! Күнәмді жасыра гөр, сөз берем, ендігәрі шарап ішпеймін», – деп, ішінен тәубе етіп, жалбарынады. Сөйтіп: «Уа, мүміндердің әміршісі! Қойнымдағы сірке суы», – деп қалай айтқанын өзі де аңдамай қалады.

Хазірет Омар: «Қане, көрсетші», – деп, қойнындағы шишаны алып қарағанда, ішіндегісі шынымен де сірке суы болып шығады.

Расында мейірімі шексіз Алла құлының шын ниетімен жасаған тәубесін қабыл алып, харам шарапты адал сірке суына айналдырды. Ал күнәға белшесінен батқан күнәһар құлдары күнәлары үшін шынымен өкініп, тәубеге келсе, Алла олардың да күнә шарабын құлшылық сіркесіне айналдырары сөзсіз (Имам Ғазали «Мукашафатул-қулуб», 46 б.)

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.