Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітке кірерде нелерге көңіл бөлген жөн?

0 1  094

«Мешіт – Алланың үйі» болғандықтан, мешітке келуші адамды аса қамқор, ерекше мейірімді, аспан мен жерде теңдесі жоқ екі дүниенің Иесінің құзыретіне шығуы деуге болады. Сол үшін де мешітке келудің өзіндік әдептері бар.

Солардың ішіндегі ең маңыздысына тоқталып кетейік:

Ол тек қана жаны-тәні таза болған адамдардарды құзырына шақыратындығын және шынайы жасалған амалдар мен айтылған сөздерді ғана қабыл ететіндігін естен шығармауымыз тиіс. Сондықтан, ішкі жан дүниесімен де, сыртқы болмысымен де таза болуға, Аллаға ұсынатын құлшылығына, тілеген тілегіне, сұраған дұғаға мән берген жөн.

Бұл тұста түзету керек қисықтар мен толықтыру керек кемшіліктер болса, оларды түзеуге және толықтыруға әрекет еткен дұрыс.

«Әрбір адам қателеседі. Солардың ең хайырлысы – қателігін түсініп, тәубеге келгендер» деген ардақты Пайғамбарымыз саллаллаһу алайһи уа саллам.

Алла Тағала, пендесінің аяқтарымен ғана емес, жүрегімен де Өзіне келуіңді қалайды. Сол үшін де, «қателігім мен күнәм бар» дейтін кісілер, дереу сол әрекетіңе өкініп, тәубе етуге құлшынса өте жақсы.

Егер солай жасалса, Ол сені құзырында ниет, ғибадаттарын қабыл алады. Басқаша айтқанда мешітке ғана емес, өз құзырына да кіруге рұқсатын береді. Әйтпесе, қайсы бір адам болмасын төрт қабырғадан құралған мешітке кіресе де, еш береке ала алмай, қалай кірсе солай шығуы мүмкін. Бұл көзге көрінбейтін, назардан тыс қалатын, жарасы үлкен, өзі кіші ахуал.

Ей бауырым! Мынаны ұмытпа! Егер әдебі мен шарттарына сай Алла Тағаланың құзырына шықсаң, Ол қонағына құрмет көрсетіп, сый-сыяпатсыз қалдырмайтын, сұрағанын міндетті түрде беретін зат.

Оңғар Харидинов

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.