Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақида дегеніміз не?

0 1  923

«Ақида» ұғымы араб тілінен аударғанда (сөздік, яки грамматикалық мағынасы) «бір нәрсенің бөлек ұштарын бір  жерге  жинау»,  «топтау»  мағынасын  береді. Көпше түрі  «ақаид».  Терминдік  мағынасы  болса,  дініміздегі басты  тұжырымдарды  құрайтын  сенім  жүйесі,  дәлірегі, иман негіздері

 дегенді білдіреді.

Ақида  ұғымы сенім жүйесі ретінде қолданылуымен бірге, белгілі бір мәзхабтың немесе бір мәзхабты құрған имамның иман негіздеріне қатысты айтқан пікірлері мен түсінігін білдіру үшін де қолданылады.

Ислам дінінің сенім жүйесіне қатысты саласын зерттейтін  ғылымды  «калам»  десе,  тікелей  сенімге  байланысты  айтқанда  «итиқад»  термині  қолданылады.  Сол секілді  ақиданы  да,  көп  жағдайда  иман  негіздері  деп айтуымызға  әбден  болады.  Яғни,  бұл  иман  негіздеріне «әмәнту билләһ» дейміз. Әмәнту:

«Әмәнту билләһи уә мәләикәтиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл-яумил ахири уә бил-қадари хайриһи уә шарриһи миналлоһи тағала уәл-бағсу бағдәл-мәути хаққун. Әшһәду ән ләә иләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухәммәдан абдуһу уә расулуһу»

болып айтылады. Мағынасы:

«Мен Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына,  пайғамбарларына,  ақырет  күніне,  тағдырға,жақсылық  пен  жамандықтың  Алланың  жаратуымен

болатындығына иман еттім. Өлгеннен кейін қайта тірілу хақ. Аллаһтан басқа ешбір тәңірі жоқ, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін».

«Иман негіздері» кітабынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.