Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мұхкәм және мүтәшәбих аяттардың айырмашылығы

0 1  280

Мүтәшәбиһ сөзіне кіруден бұрын жалпы түсінік деген не деген сұраққа тоқтала кеткенді жөн көрдік. Түсінік деп бір сөйлемді оқығанда сол сөйлемнің ішіндегі сөздердің әрбірінің екіншісімен байланысып ортақ бір мағына беруін айтады.Ендеше оқылған кезде бір-бірімен байланысып бір мағына шығарып ой қортындыланбаса, немесе бірнеше мағына бір–біріне ұқсас болса, ол сөйлемге араб тілінде «мүташабиһ» деп атайды. Яғни бір немесе бірнеше мағынаны қамтитын сөйлем немесе сөзге берілетін атау.

Олай болса құран аяттарының мағанасына қарай Мұхкәм және мүтәшәбих деп екіге бөлінеді. Ол туралы мына аяттан түсінуге болады.

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

«Ол саған осынау кітапты түсірді. Ондағы аяттардың бір бөлігімағынасы анықәрі нақты болған мүхкәм аяттар, міне солар Кітаптың негізін құрайды. Ал енді бір бөлігі болса, бір аяттың өзі бірнеше мән мағынаға саятын мағынасы астарлымүтәшәбих аяттар. Жүрегінде ауытқу болғандар қайткенде бүлік шығарып, ел жұртты тура жолдан тайдыру үшін әрі ол аяттарды (өз мүдделері мен қалауларына қарай) тәпсірлеу үшін мұхкәм аяттарды былай қалдырып)астарлы мағыналы мүтәшәбих аяттарды қазбалайды. Шынтуайтында, оның (яғни мүтәшәбих аяттардың) шын тәпсірін (ақиқаты мен мән-мағынасын) бір Алладан басқа ешкім білмейді және ілімде тереңдегендер: «Біз оған (яғни Құранға) толық иман келтірдік. (Ондағы мұхкәм және мүтәшәбих аяттардың) барлығы да Раббымыздың дәргейінен келді»,- деп айтады. Ендеше, нағыз ақыл иелері ғана терең әрі жан-жақты ойланып, ғибрат әрі сабақ алады(«әл-Ғимран» сүресі, 7-аят).

Алдымен осы аятта кездесетін мухкем және мушабих сөздерінің мағыналарына тоқталайық. Шибх: деген сөз, яғни ұқсас дегенді білдіреді. Бұл «тәшәбух» түбірден тараған сөздер бір-біріне ұқсас болғандықтан, олар бір-бірімен араласып, күманға жол береді дегенді білдіреді.

Мүтәшәбих аяттың қарама -қарсысы мүхкәм аяттар деп аталады. Ол нақты ешқандай екінші бірихтималды білдірмейтін, кескінді түрде бір мағынаны береді. Алайда бұл аяттың мағынасын түсінуде тәпсіршілер тарапынан еш келіспеушілік жоқ.

Қысқаша айтқанда, мухкем: Бұл бір мағынаға иедегенді білдіреді. Оны түсіну үшін басқа дәлелдер қажет емес. Ал, мүташабихболса: Бұл бірнеше мағынаны қамтиды. Оны түсіну үшін басқа дәлел қажет.Сөзді саралай келе ғалымдардың пікірлері мынандай нәтижеге әкеледі: мухкем, оның мағынасын айқын, ешқандай астарлы мағынасы жоқ, тек қана бір мағынаны қамтитын сөз.

Басқада мағынаны, мақсатты білдіретін, екінші біртүсініктемені талап ететін, бірнеше мағынаны қамтитын, талап етілгенмағынасы жасырын сөздер «мүташабиһ» делінеді.

Енді неге Құранда астарлы мағыналы аяттар бар деген сұраққа тоқталсақ.

Құран Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұғжизасы. Әрбір пайғамбардың мұжизасы сол замандағы таңғалдыратын оқиғадан Алланың жәрдемімен үстін келген. Құран түскен кезде Араб өлкесінде әдебиеттің дамуы шарықтау шегіне жеткен. Шайырлардың өлеңдерінің алғашқысын қағбаның қабырғасына іліп қоятыны кітаптар да келеді.

Құранның астарлы мағынада келуі, оданда үстем болуының сыры ол Алланың жәрдемімен Елшісіне (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) берілген мұғжиза еді.
Серікбол Хаман
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мештінің ұстазы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.