Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти сұхбат берді

0 555

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Шалқар» радиосының «Отанды сүю» бағдарламасында арнайы қонақ болып, тікелей әуе толқынында сұхбат берді.

Алдымен Бас мүфти Қазақ елін қасиетті үш айдың алғашқысы – Ережеп айының келуімен құттықтап, бұл айдың мұсылмандар өміріндегі маңызына тоқталды. Одан кейін бағдарлама жүргізушісінің сауалдарына тұшымды жауап берді. Әсіресе ел мұсылмандарының қара шаңырағының бүгінгі тынысы жайлы баяндап, Діни басқарма 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп атағанын тілге тиек етті.

«Діни басқарма әрқашан ұлт руханиятының дамуына үлес қосып, қайырымдылық істердің жүйелі түрде жүргізілуіне атсалысып келеді. Биыл да біз жеті бағыт бойынша жұмыс жоспарын бекіттік. Соның ішінде ақпараттық-ағартушылық бағытқа басымдық беріп отырғанымызды айта кеткеніміз жөн. Өйткені заман талабына сай ел тұрғындарының рухани әлеуетін, діни сауатын көтеруде ақпарат құралдарының жөні бір бөлек» деді Бас мүфти.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.