Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алматыда «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесі өтеді

Алматыда «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесі өтеді

0 43

ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен 20-21 қыркүйек күндері Алматы қаласында халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2025» көрмесі өтеді.


Аталған көрме – халалды кеңінен насихаттау, тұтынушы мен өндіруші арасындағы байланысты нығайту, кәсіпкерлер арасындағы іскерлік қарым-қатынасты дамыту, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу және халал өнімдерді кеңінен таныту мақсатында бесінші рет ұйымдастырылып отырған маңызды халықаралық шара.

Көрмеге әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, өндіріс саласының үздіктері, мемлекеттік ұйымдар, сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Сонымен қатар, «HALAL EXPO-2025» аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Үздік халал кәсіпорындарды» марапаттайды. Көрме барысында келушілер әртүрлі халал өнімдер ассортиментімен танысып, қолжетімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Көрмеде ұсынылатын өнімдер:
– Ет және құс өнімдері;
– Сүт және балық өнімдері;
– 1000-нан астам шұжық түрлері;
– Кондитерлік және нан өнімдері;
– Косметикалық өнімдер мен гигиена заттары;
– Биологиялық белсенді қоспалар (БАД);
– Фаст-фуд тағамдары мен жартылай фабрикаттар;
– Тәтті сусындар және басқа да өнім түрлері.

Көрме бағдарламасында әуезді ән-күй, мазмұнды сұхбаттар, түрлі тағамдар дегустациясы мен ерекше атмосфера күтілуде. Халал индустриясының дамуына үлес қосып, отандық өнімдерді бірге қолдайық!

Өтетін орны: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, «Бақшасарай» салтанат сарайы.

Уақыты:  2025 жыл, 20-21 қыркүйек, сағат 10:00-18:00;

Байланыс нөмері:
+ 7 7172 999 384;
+ 7 708 514 1997

Кіру: тегін

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.