Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Анкарадағы қазақстандық студенттермен кездесті

Бас мүфти Анкарадағы қазақстандық студенттермен кездесті

0 61

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияға сапары барысында Анкара қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.


Бештепе Ұлттық мешітінде асыр намазын оқыған соң, сол жерде оқып жүрген жастармен жүздесті. Кездесу барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейітбеков студенттерге ізгі тілектерін арнап, діни білімді терең меңгерудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ, ел болашағы саналатын жастарды имандылыққа, парасаттылыққа, жауапкершілікке шақырды.

Кездесу соңында, студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, Наурызбай қажы Тағанұлы ақ батасын берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.