Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Онлайн режимде тәжірибе алмасты

0 1  386

11 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің ұйымдастыруымен аталмыш бағытта жұмыс жүргізетін дін қызметкерлерінің онлайн режимде тәжірибе алмасу семинары өтті.

Семинарда Шымкент қаласы «Байғұт ата» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Дастан Желеуов пен Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Қайыргелді Руслан тәжірибелерімен бөлісті.

Баяндама жасаған дін қызметкерлері өңірдегі діни ахуалмен таныстырып, ДДА өкілдерімен оңалту жұмыстарын жүргізу тәсілдерін айта келе, туындаған түйіткілдерді шешу жолдарын атап өтті. Жиын соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Осындай онлайн режимдегі семинар алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.