Досбол би бір алқалы отырыста бір жағынан жұмбақтап, бір жағынан кекете сөз бастапты.
– Дүниедегі жанды-жансыз заттардың пірсізі болмайды. Солардың ішінде:
Жарлының пірі – қалтаң ата,
Ұрының пірі – жалтаң ата.
Күншілдің пірі – күңкіл ата,
Кеселдің пірі – ыңқыл ата, – депті.
Сонда көп ішінде отырған жарлы-жақабай, ұры-қары, өсекші-күншілдер өз міндерін біліп, «қой бұл жерде отыра бермейік, көп отырсақ тағы бір нәрсемізді тауып айтып, жұртқа масқара қылар» деп, біртіндеп сытылып шыға беріпті.
«Қазақ халқының философиялық мұрасы» көптомдығынан
Sunna.kz