Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Даналық туа біте ме, әлде жүре қалыптаса ма?

Даналық туа біте ме, әлде жүре қалыптаса ма?

0 64

Даналық туа біткен қасиет пе, жоқ әлде білім алу, іздену, өзін дамыту арқылы қалыптаса ма? – деген сұрақтың қойылуы заңды. Құранда бұның екеуі де айтылады. Алла Тағала: «Кімге қаласа даналық береді. Ал кімге даналық берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады», – дейді («Бақара» сүресі, 269-аят).

Басқа бір аятта: «Расында, Лұқманға даналық бердік», – деп айтқан («Лұқпан» сүресі, 12-аят).

Бұл аяттардың мағынасынан даналық тек Алланың қалауымен ғана берілетін нығмет екендігін ұғамыз. Әйтсе де, Құранның басқа аяттарында адамның бұл сипатқа үйрену арқылы да жетуге болатындығы нұсқалып: «Іштеріңе өздеріңнен аяттарымды оқитын, сендерді тазартатын және сендерге Құранды әрі даналықты үйрететін, сондай-ақ білмегендеріңді үйрететін елші жібергендігіміз сияқты», – делінеді («Бақара» сүресі, 151-аят).

Аталмыш аяттардан түсінетініміз, даналық кей адамға табиғатынан берілсе, кей адамға оны Алла Тағала білім алуы мен ізденісінің себебімен береді.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.