Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мәдинаға келген кезде құзырына Зәйд ибн Сәбитті алып келеді.
– Уа, Алла Елшісі! Мына бала – Бәну Нәжжар руынан. Ол сізге түскен бірнеше сүрені біледі, – дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған «Қаф» сүресін оқытады. Зәйд оқып береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұған қатты таңданып:
– Уа, Зәйд! Мен үшін еврей жазуын үйреніп алшы. Алланың атымен, маған түскенді бүлдіреді ме деп мен оларға сенбеймін, – дейді.
Зәйд он бес күн ішінде ибрани жазуын үйреніп алады.
Біз ғаламшарда жалғыз өмір сүріп жатқан жоқпыз. Басқалармен байланысқа түсу үшін міндетті түрде олардың тілін меңгеруіміз қажет.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте…
Ислам ешқашан білім ізденуге шектеу қоймайды. Тілмен бірге адам сол елдің мәдениетін, тарихын, ділін, әдетін үйренеді. Мұның өзі – қаншалықты ілім.
Сондықтан да өзіміз де, балаларымыз да әлемдік тілдерді үйреніп, таным шеңберімізді кеңейте беруіміз керек.
материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz