Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әлеуметтік желіде жазып жатқан сөздеріміз амал дәптерге жазылып жатыр ма?

Әлеуметтік желіде жазып жатқан сөздеріміз амал дәптерге жазылып жатыр ма?

0 70

Құранда: «Сендердің не істеп отырғандарыңды құрметті жазушы періштелер біледі», – делінген[1]. Әлеуметтік желіде отырған адам әйтеуір бір нәрсе істейтіні анық. Біріміз жаңалық оқып отырсақ, келесіміз жолдастарымыздың бөліскендерін қызықтаймыз.

Үшіншіміз, таныстарымен шүйіркелесіп, әңгіме-дүкен құрамыз. Бұның бәрі сол сәттерде істеліп жатқан іс-әрекеттер. Тағы бір аятта былай дейді: «Аузынан бір сөз шығарса болды, алдында аңдушы (періште) дайын»[2].

Әлеуметтік желіде жазғандарымыз – ауызбен айтқымыз келген сөздер екені мәлім. Демек, жазбаша түрде болса-дағы, айтқан сөздеріміздің бірі де қалмай амал дәптерге түсері анық.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады: Жазушы періштелер тек үш жағдайда ғана, адамнан ажырайды: жүніп болған кезде, әжетханада және жуынып жатқанда. Қалған уақыттың бәрінде бізбен бірге. Ендеше, әлеуметтік желіде де әрбір жазған сөзімізге мұқият болуымыз шарт, ағайын. Өйткені, ондағы жазғандарымыз амал дәптерімізге де жазылуда.

[1] “Инфитар” сүресі, 9-10 аяттар.

[2] “Қаф” сүресі, 17-18 аяттар.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.