Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ делегациясы Нью-Йоркта қазақ диаспорасымен рухани кездесу өткізді

0 56

АҚШ-қа жасалған сапар аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясы Нью-Йорк қаласындағы қазақ диаспорасы өкілдері және студенттермен рухани кездесу өткізді. Кездесуге ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев та қатысты.

Бас мүфти өз сөзінде:
«Мұсылманның шынайы болмысы – көркем мінез. Көркем мінез – адамның рухани кемелдігін, иманының беріктігін танытатын ұлы қасиет. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі – көркем мінездің ең кемел үлгісі. Мүмин адам өзінің көркем мінезі арқылы үлкен дәрежелерге жетеді. Сондықтан қай жерде жүрсек те адамдармен жылы мәміледе болып, сабыр мен кешірімді серік етуіміз керек. Білім алу, жақсы ортамен араласу және Пайғамбар сүннетін ұстану – мінезді көркем етудің негізгі жолдары», – деді.

Кездесу барысында отандастарымыз көкейдегі сауалдарын қойып, еркін форматта пікір алмасты.

Кездесу соңында Нью-Йорк қаласындағы отандастарымыз үшін «Muftyat» баспасынан жарық көрген кітаптар Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының кітапханасына табысталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.