Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Миға пайдалы және зиянды өнімдер

0 2  145

Күнімізде өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқан фаст фуд тағамдары ас қорыту жүйесіндегі келеңсіздіктерге, әсіресе салмақ қосуға жол ашатыны құпия емес, сондай-ақ терінің нашарлауына да септігін тигізеді. Сонымен қатар зерттеулер нәтижесі тұрақты түрде фаст фуд тағамдарымен қоректену миға да кері әсер ететіндігі ұмытшақтық пен депрессия, алцгеймер, шизофрения секілді ақауларға алып келетіндігін көрсетуде. Англияның зейін саулығы қорының зерттеу бөлімі директоры Доктор Кортней Ван де Вейр: «Адамдардың соңғы кездері әдетке айналдырған фаст фуд тағамдары жүйелі және салауатты болудан қалды. Зерттеулерге сүйенсек жемдерде қолданылатын қоспалар және егіншілікте қолданылатын дәрілер мал ағзасында өзгерістерге жол ашуда. Осы себепті адамдар омега 6 май қышқылын омега 3-ке қарағанда көбірек тұтынатын жағдайға келуде. Бұл ақауға тағы дәрумен мен минерал жетіспеушілігі қосылғанда ұмытшақтық және депрессия секілді келеңсіздіктерге, оның арты алцгеймер, шизофрения секілді дерттерге әкеп соғады.» Мамандар миға пайдалы және зиян өнімдердің тізімін қысқаша былай тізбектеуде:

Миға пайдалы өнімдер:

— Көкөністер (талшықты болғандар)

— Дәнді-дақылдар

— Жемістер

— Бидай, кебек

— Жұмыртқа

— Табиғи жетілген балықтар

Миға зиянды өнімдер:

— Қуырылған фаст фуд тағамдары

— Рафинадталған, өңделген азықтар

— Алкогольді ішімдіктер

— Шекер

— Шамадан артық шай және кофе

— Азықтарға қосылатын кейбір қоспалар

— Егіншілік дәрілерін қамтитын азықтар

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.