Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жібек жолы елдерінің «Дін және өркениет» жобасын қолға алуы маңызды – Серікбай қажы Ораз

0 1  987

Жібек жолы елдерінің Діни басқармалары арасында «Дін және өркениет» жобасын қолға алу маңызды.  Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан  “Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманғы сын-қатерлер” тақырыбындағы IV халықаралық діни-ғылыми конференция барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарихынан тағлым алған, ал тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ діні мен дәстүрін үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырмақ. Бұл бастама таришы ғалымдар мен дін ғұламаларының Жібек жолы тарихын ғибраттың көзімен қайта зерттеуін қажет етеді. Бұл жұмысты жүйелі жүзеге асыру үшін Жібек жолы елдерінің Діни басқармалары арасында «Дін және өркениет» жобасын қолға алудың маңызы үлкен. Аталған жобалар мен ұсыныстарды талқылау үшін арнайы бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынамын», – деді Серікбай қажы Ораз.

Оның атап өтуінше, Ұлы Жібек жолының  көп бөлігі Орталық Азия мен Қазақстан жерінде орналасуы халқымыздың мәдениетін, рухани мұрасын байыта түсті. Қазақ топтырағында жазу, сәулет, қол өнерінің дамуына оң әсерін тигізді.

«Осынау оң үдеріс байырғы бабаларымыздың интеллектуалды өміріне өзгеріс әкелді. Алысты жақын етіп, Орталық Азия мен Еуропаны байланыстырған сауда жолының бойында тарихи мешіттер мен кесенелер бой көтерді. Отырықшылық мәдениет қалыптасты. Осы кезеңде пайда болған Отырар, қазіргі Түркістан, Сауран, Сайрам, Тараз сынды қалалар тек сауда жолы болып қалмастан дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты», – деді еліміздің Бас мүфтиі.

Айта кетейік, конференция барысында ҚМДБ төрағасы Ұлы Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды ұсынған болатын.  

inform.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.