«Өкінішке қарай, өзгерістер мен жетістіктер дәуірі бұрынғыға қарағанда әлемді қауіпсіз ете алмады. Бүгінде ғаламшарда 40-қа жуық қақтығыс оты бықсыған ошақ тіркелген. Оған әлем мемлекеттерінің үш ондығы тартылған. Олардың көбінің себебі ішкі этникааралық, дінаралық қайшылықтарға қатысты болып отыр. Осыдан ешкім де сақтандырылмағанын байқаудамыз», — деді Н. Назарбаев.
Бұл тұрғыда Елбасы осы трагедиялық сабақтарды елемей жүру мүмкін еместігін, еліміз мұндай келеңсіздіктерге жол бермеуі керектігін атап өтті. Осыған егемен мемлекет әрі бірыңғай азаматтық қоғам ретінде халықтың болашағы тікелей байланысты екенін тілге тиек етті.
kazislam.kz