Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Имам Матуридидің иман жайындағы көзқарасы (І)

0 1  244

17Имам Матуридидің иман жайында ұстанған пікірлерітөмендегідей:

1. Иман мен ислам жайындағы көзқарасы.

Имам Матуриди бойынша, иман – иман негіздерін жүрекпен бекіту (тасдиқ), сенімін тілмен айту (иқрар). Егер адам тілімен иман келтіріп, бірақ жүрегімен бекітпесе, онда ол иман еткен болып есептелмейді.

Сол секілді ешқандай қиыншылыққа ұшырамастан сенімін тілімен айтпаса, яғни иманын жасырған кісі де мумин бола алмайды. Өйткені, ешқандай кедергісіз сенімін тілмен айтпау жүректегі иманын бекітпеген болып есептеледі.

 Иманның мекені жүрек болғандықтан, жүрекке орныққан иманға үкім етуге, яки оны күштеп шығаруға ешкімнің құдіреті жетпейді.

Иман мен ислам тілдік жағынан мағыналары бөлек сияқты көрінгенімен, діни тұрғыдан қамтитын ұғымдары бір дейді Имам Матуриди.

Иман дегеніміз – Аллаyың барлығына, бірлігіне, серігі мен ұқсасының болмағандығына, барлық нәрсе Оның қалауы мен жаратуының нәтижесінде болатындығына жүрекпен сеніп, оны тілмен айту.

Ислам дегеніміз – адамның өзін толығымен Аллаға тапсыруы, Оның әмірлерін орындап, тыйымдарынан тыйылу, діни міндеттерді шынайлықпен іске асырып, Аллаға толық сеніммен құлшылық жасау.

Бұл айтылған тұжырымдар да, иман мен исламның мағыналық тұрғыдан айтарлықтай айырмашылықтарының жоқ екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ, иман еткен бір жанға мұсылман емессіңдеп айту қаншалықты дұрыс емес болса, исламның шарттарын орындаған адамға да мүмин емессің деп айта алмайсыз.

Қысқаша айтқанда, ислам – Алла ны тану, білу (мұның орны – кеуде). Ал, иман болса, Алланың Жаратушы екендігін білу (мұның орны – кеудедегі жүрек). Яғни, бірінсіз бірі жоқ.

Мағрифат Алланы сипаттарымен танып білу, мұның орны көңілде, ол да жүректің ішінде. Таухид Алланы жалғыз деп тану, мұның орны сыр, ол көңілдің ішінде.

Сөзімізді мына аятпен бекітіп алуымызға болады:

«Алла – көктер мен жердің нұры. Оның нұрына мысал: Ішінде жарық бар қуыс сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек бейне інжудей бір жұлдыз. шығыста батыста болмаған берекеті зәйтун майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ, оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісіні өз нұрына бөлейді. Аллаһ адамдарға осылай мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші» (24.Нұр-35).

Имам Матуриди бойынша амал иманның бір бөлігі емес. Өйткені Құран Кәрімде: «Иман еткендер және ізгі іс істегендер… (иннәл-ләзина әмәну уә амилус салихат)» деп келетін көптеген аят бар.

Бұл аяттарда иман мен амал бір-бірінен бөлек етіп көрсетілуде және иман еткен кісіге амалдан бөлек ретінде «мумин» деуде. Егер амалды иманға кіргізетін болсақ, амалмен байланысты үкімдерде кейде нәсх (кейінгі үкім алдыңғы үкімнің күшін жою) болғаны секілді иман негіздерінде де нәсх болу керек еді.

Бірақ, иман мәселелерінде нәсх (күшін жоюшы жаңа үкім) болмайды. Бұл да иман мен амалдың бөлек ұғымдар екендігін білдіреді.

Иман біртұтас ұғым, онда арту-кему деген болмайды. Иман, пенденің Аллаға берген нақты уәдесі. Ал егер адамның: «Иншаллаһ» немесе «Алла қаласа мен муминмін» деп айтуы, Аллаға берген уәдесінің бұзылуына, күшін жоюына себеп болады.

«Иман негіздері» кітабынан.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.