Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

8 түрлі зияны бар іс

0 200

Баланың мінезін бұзылып, ашуланшақ болуына себепші.

Таяқ жеп өскен баланың мінезі жұмсақ болмайды.

Таяқ жеу баланың әке-шешесіне деген ашу-ызасын туғызады.

Бала сәби жүрегінде өзінің істегенін жаман деп ойламайды, өзін кінәлі сезінбейді. Керісінше, өзін ұрған адамды кінәлі санайды.

Ашуланған кезінде өзі де күш қолдануға бейім тұрады да, басқаларға қол жұмсайтын болады. Осылайша таяқ жеу баланы бұзақылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Сөз түсінетін баланы ұруға болмайды. Сөз түсінбейтін балаға қабақ шытып, наразы екенін әрекетімен эмоциясымен білдіріп түсіндіру жеткілікті.

Денсаулығына зиянды.

Негізінде баланы тәрбиелеу үшін ұру дұрыс емес. Тек қателік істейтін болса, жазалануы мүмкін екендігін сездіру керек. Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) бала-шағаны ұрмауға әмір еткенімен, тәрбиелеу мақсатында балаға жазаланатынын сездіру керектігін білдірген. Бұл туралы хадистердің бірінде:  “Бала-шағаны тәрбиелеу үшін қамшыларыңды (олар) көретін жерге іліп қойыңдар” (Табарани).

“Иман” журналының 2015 жылғы №7 санынан.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.