Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Құранды жас кезде жаттау керек еді…»

«Құранды жас кезде жаттау керек еді...»

0 55

Негізінде Құран жаттауда жас ерекшелігі рөл атқармайды. Бастысы- ниет. Егер адамда шынайы ниет болатын болса, Алланың қалауымен жаттап шығады.

 

Мысалы: Түркияда Ахмет деген бір кісі бар. Баласын медресеге қарилыққа берген. Баласы қари болған соң өзі де қатты қызығады. Сөйтіп 48 жасында Құран жаттай бастайды. 50 жасында (2 жылда) Құранды толық жаттайды.

Қари атанып, емтиханға кіреді. Осы оқиғаны өз аузынан естігенбіз. Біздің медресеге келіп айтып берген еді. Дәл осы секілді мысалдар көп. Қазақстанда пенсияға шыққан ата 60 жасында Құран жаттауға кіріседі. 10 жылын осы жолға арнап, 70 жасында Құранды жаттап бітіреді. Құран Пайғамбарымыз (с.а.у) 40 жасында түсіп бастаған, сахабаларда сол кезде жаттауға кіріседі.Ол кезде сахабалардың кейбірі Пайғамбарымызбен жасты, кейбірі үлкен болған. Ең жас сахаба Али (р.а) 33 жаста болған. Яғни сахабалардың өзі 40 жастан асқанда Құран жаттай бастаған. Бұл жердегі мәселе жаста емес, ниетте.

Кез-келген істі жасайтын кезде белгілі қорқыныштар болады. Оны – үмітсіздік деп атауға болады. Шайтанның сыбырлап, бізді үмітсіздікке түсіретін сәті. Ол қорқыныш әр салада әр түрлі. Дәл сол сәтте сіз ұялып, сұрауға қорқып, “кейін сұрай саламын” деп сұрағыңызды қоймадыңыз. Жиын бітіп, барлығы тарап кетті. Сізде қайттыңыз. Үйге барған соң “әттең сұрай салғанымда ғой”- деп іштей күйінесіз. Өзегіңізді өкініш өртейді. Ұзақ уақыт өкініп жүресіз. Сол кезде ұялсаңызда, басқалар күлсе де, сұрағыңызды қойып, жауап алғанда кейін біраз уақыт өзіңізге риза болып жүретін едіңіз. Себебі сіз қорқынышыңызды жеңіп, кішігірім жетістікке жеттіңіз.

материал «Қарилыққа қадам» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.