Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 ж. 2 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:41
Бесін 12:15
Екінті 16:38
Ақшам 18:39
Құптан 20:08
Жаңалықтар

Қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтеді

15 там 2017 2 361 рет оқылды
Қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтеді

Барша мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы жақындап қалды. Жыл өткен сайын халық мерекенің қадір-қасиетін тереңінен сезініп, құрбандық шалушылар қатары көбейіп келеді.

Шариғи нормаларды сақтап, құрбандық малын сою – үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан «Нұр Астана» орталық мешіті құрбандық шалынатын нысандарда қызмет ететін қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырады. Дәріс барысында қасапшылық қылатын азаматтарға білікті діни мамандар құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттарын кеңінен түсіндіреді. Ислам талаптарына сай мал союдың қыр-сырын үйренген тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылады.

Семинар 28 тамыз күні сағат 15:00-де «Нұр Астана» орталық мешітінде өтеді. Толық мәліметтерді 44-58-48, 87025299909 телефондары арқылы алуға болады. ummet.kz
#айт #мал сою #мереке #қасапшы #құрбан айт #құрбан шалу