Жаңалықтар
Астаналық қажыларды қасиетті сапарға дайындау сабақтары басталды
Санаулы күннен кейін еліміздің мұсылмандары қажылық сапарына аттанады. Қасиетті мекендегі парызын өтеуші қазақстандықтар саны биыл 2500-ге жетіп отыр. Оларды қажылық сапарына дайындау мақсатында ҚМДБ арнайы курстар өткізуді қолға алған. Соған сәйкес ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының ұйымдастыруымен бүгін «Әлжан ана» мешітінің медресе ғимаратында қажылыққа дайындық дәрістері басталды. Қажылық сапарында құлшылық өтейтін астаналықтар үшін бұл сабақтар 18 тамызға дейін өтеді.