Take a fresh look at your lifestyle.

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ КТК ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ (ФОТО+ВИДЕО)

0 856
ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өткен аптада КТК телеарнасының тілшісі Артур Платоновты қабылдап, арнайы кездесу өткізген еді. Көк жәшік арқылы көкейкесті мәселелер жайын көтеріп, түйткілді жайттар төңірегінде сөз қозғап жүрген кәнігі тілші кездесу аясында арнайы сұхбат алып, «Слуги народа» бағдарламасының кезекті санын арнаған болатын.

Сан ғасыр бойы қазақ даласында салтанат құрған асыл дініміздің бүгінгі таңда ақиқатын бұрмалап, ағына күйе жағушылардың да, дінді пайдаланып теріс пиғылдарын жүргізгісі келетіндер де көбейгені жасырын емес. Ислам атын жамылған жат ағымдардың қауіптілігі тағы бар. Осы мәселелер төңірегінде тұшымды сөз өрбіткен Наурызбай қажы Тағанұлы қазіргі қоғамдағы кейбір теріс қылықтар туралы да өз пікірін білдіріп, парақорлық пен ысырапшылдықтан арылуға шақырды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы өзін-өзі өлтіру (суицид) оқиғалары жайлы ой қозғап, бала тәрбиесіне де қатысты кеңестерімен бөлісті.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар!

 Muslim.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.