Take a fresh look at your lifestyle.

ПІТІР САДАҚАНЫҢ ҮКІМІ

0 10  951

Қажеттілігін қоспағанда, мал-мүлкі, дүниесі күміс нисабына[1] жеткен адамның ораза айт күнінде өзі және сәби балалары үшін пітір садақа беруі – уәжіп. Ол – оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа. «Пітір» сөзі жаратылыс деген ұғымды береді, оны жан садақасы деп те атайды.

Пітір садақа екі келі бидай немесе оның өнімдерімен[2] және төрт келі мейіз, құрма немесе арпамен есептеледі. Дегенмен азық-түліктің орнына пітір садақаға оның ақшалай құнын бергені абзал[3]. Биылғы пітір садақа мөлшері екі келі ұнның орташа бағасымен есептеліп, 300 теңге деп белгіленді.

Әйелі және үлкен балаларының жағдайлары жетіп тұрса, олар өздері үшін пітір садақа береді. Ал олар үшін де пітір садақа берген адам, әлбетте, сауаптан құр қалмайды.  

Пақыр адамның пітір садақа беруі – уәжіп емес. Егер беретін болса, өзінен де жағдайы төмен адамға бергені дұрыс. Қалай да орташа дәулетті адам пітір садақаны 2 кг бидай немесе оның өнімдерімен, аса ауқатты адам 4 кг құрма немесе мейізбен бергені абзал.

Пітір садақа рамазан айы кіргеннен бастап, ораза айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] Бүгінгі таңда күміс нисабы 103 000 (жүз үш мың) теңге деп бекітілді.

[2] «Әл-муфассал фи әл-фиқһ әл-ханафи», Мұхаммад Мажид Ғитр, 285-бет.

[3] «Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/210-211.

fatua.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.